Қособа ауылдық кітапханасында Қарабалық ауданының 90 жылдығына арналған ақпараттық сағат өтті. Кітапханашы Т. В. Ибраева "Менің ауылым, менің көшем" тақырыбына хабарлама дайындады. Балаларды ауылымыздың тарихи мұрасымен таныстырды. П.Черныштың кітабымен таныстырды (Біздің Отанымыз Қарабалық өлкесі/П. М. Черныш. - Қостанай, 2004. – 448б.) Ауылдың танымал тұрғындары туралы айтып берді, олар лайықты үлестерін экономикаға ғана емес, өз ауылдық округтеріне ғана емес, сондай-ақ Қарабалық ауданына қосты. Бұл іс-шара туған ауылды зерделеуге, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақтың туған өлкесіне деген патриоттық сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. |