ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Святослав ауылдық кітапханасында "Менің Қазақстаным, күн астында гүлдене бер" ауызша журналы өткізілді. Іс-шара "Менің Қазақстаным! Менің Отаным" өлеңін оқумен басталды, ал оны 9 сынып оқушысы Жаулбаева Айгерім оқыды. Одан әрі кітапханашы әңгіме барысында балаларды Қазақстанның бай тарихымен, ұлттық дәстүрлерімен таныстырды. Киелі орындарға, ұлы таулар, ормандарға, шөл-далаларға және шөлейт жазықтарға саяхат жасады. 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" да назардан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерейтойына арналған "Тәуелсіздік: ата-бабаларымыздың арманы, ұрпақтың болмысы" атты кітап көрмесінде ұсынылған басылымдармен танысты. |