2016 жылғы 29 қарашада Есенкөл ауылдық кітапханада кітапханашы Кириленко В.Н. 10 сынып оқушылары үшін ҚР Тұңғыш Президенті күніне қарсы «Менің елім - менің Президентім!» атты іс-шара өткізді. Іс-шара қонақтарына Қазақстан Республикасының Президентінің өмірбаянымен және саяси өмірімен таныстырған презентация ұсынылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз факт. Біз Қазақстанның бүкіл әлемге танымал гүлденген, өркениетті мемлекетке айналғанын көріп отырмыз. Іс-шараға қарсы кітапханада «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты тақырыптық сөре ресімделді. Іс-шара мақсаты: Қазақстан халқының көсемі, ҚР Тұңғыш Президенті туралы білімдерін кеңейту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың интеллектуалдық білім деңгейін көтеру. |