2018 жылдың 19 қазанында Приречен а/к кітапханашысы Приречен ОМ орта және жоғары буын оқушыларымен қасиетті орындар бойынша іс-шара өткізді. Людмила Николаевна өзінің әңгімесін әр адамның үлкен және кіші Отаны бар, осы ұғымдардың мәніндегі айырмашылықты және "киелі"сөзінің мәнін нақтылаудан бастады. Іс-шара презентациямен сүйемелденді, онда Қостанай облысының барлық киелі орындары: мемлекеттік, жергілікті маңызы бар және геоглифтер көрсетілді. Балалар біздің облыста қасиетті орындар санына таң қалды. Оқушылар әр киелі жерлермен танысты, осы орындар көрсетілген карта қарастырылды. Әрине, Қарабалық ауданының киелі жеріне – біздің ауылдық округтегі Мұхамеджан Сералиннің бейітіне ерекше назар аударды. Танымал журналистің еңбегі атап өтілді. Қабірге барған оқушылар бізбен қасиетті орынға барған кезде алған әсерлерімен бөлісті.
Қорытынды жасай отырып, адам үшін қасиетті орындардың маңыздылығы, болашақ ұрпақ үшін қасиетті орындардың сақталуы туралы қорытынды жасады. |