Станционный ауылдық кітапханасында өлкетану сабағы өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Ушакова Татьяна Михайловна мен кітапханашы Шмидтке Ольга Ивановна өлке тарихы, алғашқы қоныс аударушылар, ауылдың құрылу кезеңдері туралы айтып берді. Балалар кітапхана жанындағы өлкетану мұражайында болып, жәдігерлермен және қолданбалы өнер коллекцияларымен танысты, иірімжіп және тоқыма станогына отырды, өз жерлестері туралы көп нәрсе білді. |