Аудандық орталық кітапхананың қызметкерлері кәсіптік бағдар беру бойынша бірден екі сыныпта әңгіме өткізді. № 2 А. Құнанбаев ат. орта мектебінің Мектеп бітіргеннен кейін өзінің өмір жолын таңдап, мамандық таңдау, қателеспеу туралы А. Құнанбаев ат. орта мектептің 9 «а» және 11 «а» сынып оқушылары мамандық таңдау туралы, яғни мектеп бітіргенннен кейін өздерінің өмір жолдарын таңдауда қателеспеу туралы тыңдады. Балалар кәсіби жарамдылыққа тесттер шешті, "мамандық", "біліктілік", "лауазым" деген сөздердің мағынасын ашты. "Ең қажетті, ең ұмытылған және әрқашан қажет мамандықтар" тақырыбы бойынша топтық жұмысты орындады. Мамандық таңдауда туындайтын проблемалық жағдайларды талдады. Нәтижесінде, мамандықты саналы таңдау дұрыс болуы керек деген қорытындыға келді, яғни бұл адам жеке ұмтылыстарын (қалаймын) және өз мүмкіндіктерін (аламын), және қоғамның осы кәсіпке деген қажеттілігін дәл осы сәтте (қажет) ескеретін таңдау.
Іс – шара соңында ең белсенді балалар шағын сыйлықтар алды. |