Осыдан тура 15 жыл бұрын, 2008 жылдың 3 қазанында "Ғашура-ана" мешіті қауымға есігін айқара ашып, діндарларға арналған ғибадатханаға ғана емес, сонымен қатар біздің ауданымыздың көрнекті жеріне айналды.
Жақсыбекова Гашура Төлегенқызын еске алу үшін осы жердің тумасы, жұбайы Ырыскелді Дәуренбекұлы Жақсыбеков, ұлдары Әділбек және Серікпен, қызы Гүлнармен және немерелерімен мешіт салды.
Осы мерейтойлық датаға байланысты Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері М. Сералин ат. ЖББМ оқушыларына арнап "Ғашура-ана" мешітіне виртуалды экскурсия өткізді, онда балалар оның құрылысының тарихымен, сәулет ерекшеліктерімен, ішкі безендірілуімен танысты.
Іс-шара соңында кітапханашы Нұрмұханбет Дияровтың "Ғибратты ғұмыр" кітабы бойынша шағын шолу жасап, Ыыскелді Дәуренбекұлының өмірі мен игі істері туралы әңгімеледі. |