14 қыркүйек күні Қарабалық орталық аудандық кітапханасында "Парасат Жолы" жобасы аясында Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің бас маманы Зүлфия Саясатқызымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы "Өмір игі істер жасауға берілген". Әңгіме барысында Зүлфия Саясатқызымен адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық қазіргі әлемдегі басты проблемалардың бірі болып табылатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ, бұл мәселеге адамдардың көзқарасы туралы әңгімелесті. |