1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауған жерінен
шығарылғаны аяқталды. Сол сәттен бастап көп уақыт өтті. Сол қанды қырғынның ортасынан оралған Кеңес әскерлерінің
жауынгерлеріне деген құрмет көрсету
– біздің міндетіміз.
Осы айтаулы күнге орай жоғары
сынып оқушыларымен Бөрлі селолық кітапхананың кітапханашысы Магамбетова Г.Т. мектеп
кітапханашысы Т.В. Теницкаямен бірлесіп «Өмірде
қалған із» еске алу кешін өткізді. Іс-шара барысында балаларға Отан алдындағы борыштарын өтеп жүріп, өмірден өтіп
кеткен жауынгерлер жайында бейнекөрініс ұсынылды, соғыс жылдары, жауынгер
–жерлестеріміздің қатысқан қанды ұрыстар
жайлы әңгіме жүргізілді.
Ауғандық
ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын
әріппен тарихқа енді. ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.
15-го февраля 1989 года завершился вывод советских войск с
территории Афганистана. Прошло уже много лет со времен той страшной войны унесшей
тысячи жизней советских воинов-интернационалистов.
Но память о людях, которые участвовали в ней, живет, и по сей день, и будет
жить вечность.
В
связи с этим библиотекарь Бурлинской сельской библиотеки Магамбетова Г.Т.
провела совместно с библиотекарем школы Теницкой Т.В. день Памяти «След на всю жизнь», приуроченный к дате вывода войск из
Афганистана, на котором присутствовали учащиеся старших классов. В ходе
мероприятия ребята узнали о страшной войне в Афганистане,
героях – земляках прошедших дорогами войны, посмотрели отрывки из
документальных фильмов.
День памяти воинов-интернационалистов
– это день памяти для нас всех. Так будем же помнить павших, и чтить оставшихся
в живых. |