Главная » 2024 » Сентябрь » 5 » «Мой родной язык» конкурстық-танымдық бағдарламасы.
18:42
«Мой родной язык» конкурстық-танымдық бағдарламасы.

4 қыркүйекте Қарабалық аудандық балалар кітапханасында М.Горький атындағы мектептің 4-ші "Б" сынып оқушылары үшін Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мой родной язык» атты конкурстық-танымдық бағдарлама өткізілді.

Басында кітапханашы Юлия Павловна Притуленко балаларға осы мерекенің тарихын, қай жылы құрылғанын, бұрын қашан тойланғанын және мереке күні неге 5 қыркүйекке ауыстырылғанын айтты.

Әрі қарай балаларды қызықты байқаулар күтіп тұрды. Ұлдар мен қыздар суреттегі тағам атауларын тауып айтып, олардың қай ұлттың тағамына  жататынын анықтады; сөздерді қазақ және орыс тілдеріне аударды; жеке сөздерден ана тілі туралы мақал-мәтелдер құрастырып, олардың мағынасын түсіндірді; блиц-сауалнамаға белсенді қатысып, фразеологиялық тіркестерді іс-қимылмен көңілді түсіндірді.

 Балалар уақытты тиімді өткізді, ой-өрістерін кеңейтіп, орфографиялық ережелерді ойын түрінде қайталады, ал бейнероликті көріп, қазақ тілі туралы, оны үйренуге көмектесетін қызықты фактілерді білді.

Барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындағандары және іс-шара соңында белсенді қатысқандары үшін балаларға сыйлықтар табыс етілді.

Просмотров: 14 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0