Осы күндері біздің басты проблемамыз – жолдағы қауіпсіздігі. Жыл сайын жолдар мен көшелерде жол-көлік оқиғалары көптеп орын алуда, соның салдарынан балалар қаза тауып, жарақат алуды. Святослав ауылдық кітапханасында танымдық викторина ойыны түрінде «Мы играем – правил не забываем» атты іс-шара өтті.
Басында кітапханашы бағдаршамның не екенін, оның қандай түстері бар екенін, әр түстің нені білдіретінін және бағдаршамның әр түсі жанғанда қалай әрекет ету керектігін айтты. Балалар алғашқы бағдаршам 1868 жылы Лондонда ойлап табылғанын, ал бірінші сигналдық бағдаршам 1919 жылы АҚШ-та пайда болғанын, сондай-ақ оның мақсаты туралы білді. Жас жаяу жүргіншілер Гульмира Аманжоловнаның жол белгілері мен жол қозғалысы ережелері туралы әңгімесін, жолда жүру ережелерін неге білу және сақтау керек екендігі, көлік құралдарының түрлері туралы әңгімесін назар аудара отырып тыңдады. Іс-шара барысында балалар сүйікті ертегі кейіпкерлері мен олардың көлік құралдары туралы еске түсірді. Содан кейін екі командаға бөлініп, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді: жаяу жүргіншілер өткелі, зебра не үшін қажет және жолда өзін қалай ұстау керек?
Іс-шара соңында балаларға жол қозғалысы ережелері бар бетбелгілер табысталды. Викторина қызықты әрі танымды өтті. |