Главная » 2025 » Март » 17 » «Мы за жизнь без наркотиков»
15:35
«Мы за жизнь без наркотиков»

Победа ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ардагерлер кеңесінің қатысушыларына «Мы за жизнь без наркотиков» атты ақпараттық әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты –нашақорлық мәселесі туралы хабардарлықты арттыру, есірткінің жаман екенін айту және денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтап ұзақ өмір сүруге бағытталған өмірлік құндылықтарды нығайту.

 Әңгіме барысында кітапханашы есірткі заттарының ағзаға, отбасына және қоғамға тигізетін зияны туралы айтып берді. Профилактикаға, отбасы мен қоғамның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Іс-шара қатысушылары мәселені белсенді талқылады, пікірлерімен және жеке тәжірибелерімен бөлісті, жастар арасында есірткіге қарсылықты қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтты.

Сондай-ақ салауатты өмір салты, тәуелділіктің алдын алу және нашақорлықпен күресудің құқықтық аспектісі туралы кітаптар, мақалалар мен брошюралар ұсынылып, «Өмір –ең жақсы таңдау» атты әдебиеттерге шолу жасалды.

Әңгіме қатысушылардың арасында қызу талқыланды және өскелең ұрпақтың болашағы үшін жеке таңдаудың және әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын еске салды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 42 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3012]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 1
Пользователей: 1
biblioteka