Главная » 2025 » Март » 17 » «Мыржакып Дулатов – поэт, разбудивший народ»
11:57
«Мыржакып Дулатов – поэт, разбудивший народ»

Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттерімен «Мыржакып Дулатов – поэт, разбудивший народ» атты тарих сағаты өтті. Іс-шара қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, публицист және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысы жетекшілерінің бірі Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына арналды.

Іс-шара қазақ мәдениеті мен ағартушылық тарихындағы Дулатовтың маңызы туралы кітапханашының кіріспе сөзінен басталды. Студенттер оның қиын өмір жолы, ұлттық сана-сезімнің дамуына қосқан үлесі және халықтың оянуының символына айналған шығармалары туралы білді.

Міржақып Дулатовтың туған жерге деген сүйіспеншілікке толы, білімге, азаттыққа үндеген өлеңдері оқылды. Жиналғандар оның идеяларының қазіргі қоғамдағы өзектілігін талқылады. Іс-шара барысында «Мыржақып Дулатов - өз халқының ұлы» атты кітап көрмесі қойылып, студенттер жазушының кітаптарымен және ол туралы жазылған әдебиеттермен танысты.

Тарих сағаты жақсы, танымдық атмосферада өтіп, қатысушыларға Дулатовтың тұлғасы мен оның өлмес мұрасы туралы терең әсер қалдырды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 41 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3026]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0