Наурыз – қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де жылдың ең басты тмерекесі. Наурыз –балаларға арналған мереке! 17 наурыз күні Аудандық балалар кітапханасына жиналып, мерекенің тарихы туралы және көптеген дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар Наурыз мерекесімен байланысты екендігі туралы әңгімелестік.
Наурыз мерекесі күндері молшылық пен тоқшылықты бейнелейтін көптеген тағамдар дайындалды. Мерекелік дастарханда басты дәм "наурыз көже" болды. Бұл ұлттық тағам - жеті компоненттен тұрады: су, ет, тұз, май, ұн, жарма және сүт. Бүгін біздің қонақтар оның қалай және неден жасалғанын біліп қана қоймай, одан дәм татты. Біздің мерекелік дастарқанымыздың қонақтары көпбалалы Рахмановтар отбасының балалары,аналар балаларымен әріптестер болды! Олардың көпшілігі наурыз көжеден алғаш рет дәм татты! Хош иісті шай, шығыс тәттілері, бауырсақ, жылы атмосфер – осының бәріне ұлт бірлігі мен қазақ халқының, қонақжай халықтың мәдениеті мен дәстүрлеріне жалпы жұрт ортақтасып қатысқан мереке болды! |