Главная » 2024 » Май » 3 » «Нұрмағамбетов Сағадат. Отанға қызмет еткен өмірі».
16:38
«Нұрмағамбетов Сағадат. Отанға қызмет еткен өмірі».

М. Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов  Сағадат Қожахметұлының 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында әскери-спорттық жарыс өтті.

Жарыс басталар алдында Балалар кітапханасының кітапханашысы М.С. Демес балаларға Сағадат Қожахметұлының өмірі мен қызметі туралы ақпараттық сағат өткізді. Кітапханашы Нұрмағамбетов туралы бейнематериалдарды, мерзімді басылымдардан үзінділерді пайдаланды және, әрине, батырдың еңбектерімен – кітаптармен таныстырды. Оларда автор бізге соғыс болған жағдайды,  бар шындықты жеткізеді. Тарих сабақтары туралы ой жүгіртеді.

     Оқу орындарымен осындай бірлескен іс-шараларды өткізе отырып, біз бір-бірімізді толықтырамыз, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттырамыз, оң нәтижелерге қол жеткіземіз.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 20 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2724]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0