Шекарашылар күні қарсаңында – біздің шекарамызды қорғаушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкері Д.Е. Ергарина мен С. С. Магамбетова «Достық» балалар сауықтыру лагерінің балаларымен «На страже границ Казахстана» ақпараттық сағатын өткізді.
Әңгіме барысында Динара Ержановна шекарашылардың кім екендігі және олардың немен айналысатыны, Қазақстанда Шекара әскерлерінің құрылу және даму тарихы және қазіргі шекара қызметі туралы айтып берді. Адал көмекші иттер туралы да мәлімет берді.
Іс-шараның екінші бөлімінде балалар 2 командаға бөлініп, «Сөз ойыны», «Әскери атақтар», «Медбикелер» сияқты ойындар мен конкурстарға қатысты. Ал «Саптық-жауынгерлік» музыкалық байқауында балалар отансүйгіштік пен мақтаныш сезімімен бірге әскери әндер орындады.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. |