Жыл сайын шілде айының соңғы күнінде Джоан Роулингтің барлық жанкүйерлері Гарри Поттердің туған күнін атап өтеді. Егер Роулингтың ойлап тапқан сиқырлы әлемінің ресми хронологиясына сенсек, Тірі қалған бала 1981 жылы 31 шілдеде дүниеге келді.
Гарри Поттер кітаптар сериясы – қазіргі заманның ең танымал бестселлерлерінің бірі. Жас сиқыршының шытырман оқиғалары туралы әңгімелер балаларды да, ересектерді де баурап алды. Өмірде кез-келген тілекті орындайтын сиқыршы немесе сиқырлы таяқшаның иесі болуды кім армандамады?
Бұл күні балалар кітапханасының жазғы әдеби кинотеатрына келушілер үшін жас сиқыршы жанкүйерлеріне Гарри Поттер фильмдерінің бірі көрсетілді.
Кітапханашы мен әңгімелесу барысында балалар автор-жазушы Джоан Роулинг туралы білетіндерін айтып, кітап көрмесінде ұсынылған Гарри Поттер туралы кітаптармен танысып, көрген кинофильм туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Сиқырда тартымды нәрсе, себебі, оны ересектер мен балалар құлшына оқиды, сиқырлы әлемнің басты кейіпкері болған бала туралы, жақсылықпен зұлымдық мәңгі күресетін мультфильмдер мен фильмдерді қызығушылықпен көреді.
Егер сіз осындай шытырман оқиғаның жанкүйері болмасаңыз да, шілденің соңғы күнінде Гарри Поттер туралы кейбір кітаптарды қайта оқи аласыз. Өкінбейсіз! |