Кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі нашақорлықтың алдын алу және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Осы тақырып бойынша өткізілетін іс-шаралар балалардың, жасөспірімдер мен жастардың ақпараттық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты Смирновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Нашақорлыққа қатысты сот" әңгіме өткізді. Ол нашақорлықтың не екенін, есірткінің адам ағзасына қалай зиянды әсер ететінін айтты. Буклеттер дайындап, іс-шараға қатысқандардың барлығына сыйға тартты. |