
Әкелер күніне орай Научное ауылының ауылдық кітапханасында «Фото с папой» атауымен акция өтті. Оған жергілікті тұрғындар мен кітапхана белсенділері қатысты.
Балалар отбасылық фотосуреттерін әкелді - жылы, шынайы, кейбіреулері өте әсерлі. Фотосуреттерде –серуен кезіндегі көңілді сәттер, отбасылық мерекелер, бірлескен іс-әрекеттер мен күнделікті өмірдегі мейірімді, жанашыр кадрлар бейнеленген. Әр суреттің өзіндік оқиғасы мен көңіл-күйі бар.
Ауыл кітапханашысы Думалакова Р.Ж. кітапханаға келген әрбір келуші бала өміріндегі әке орнының ерекше және құнды екенін көре алатындай көрмесін әзірледі. Іс-шараға қатысқандардың барлығына алғыс білдіреміз. Мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтып, адамдарды біріктіреді. |