Балалардың Наурыз мейрамы туралы білімдерін кеңейту, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында, 20 наурыз күні Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы балаларды Наурыз мерекесіне арналған викторинаға шақырды. Балалар викторина сұрақтарына жауап бере отырып, қазақтың қандай ойындары мен жарыстары, наурызға қандай тағамдар дайындалатынын, қонақтарды қандай киім киіп қалай қарсы алу керектігін, ұлттық киім мен бас киім аттарын есіне түсірді. Викторинаның соңында барлық балаларға тәттілер таратылды. |