Наурыз мейрамы - қазақ халқының сүйікті және қастерлі дәстүрлі мерекелерінің бірі. 20 наурыз күні Новотроицк ауылдық кітапханасының кітапханашысы "Наурыз дәстүрлері" тақырыбында балалармен әңгіме өткізді. Кітапханашы мерекенің шығу тегі, алғашқы жазбаша деректер, дәстүрлі ойындар, әдет-ғұрыптар, тағамдар туралы айтты. Әңгіме соңында балалар ата-баба дәстүрін құрметтеу және сақтау керек деген қорытындыға келді. |