Біздің елімізде Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде молшылық мерекесімен байланыстырылады. Бұл жақсы символ: үстелдегі тағамдар неғұрлым мол болса, отбасының жетістігі, табысы соғұрлым көп болады. 21 наурызда Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы балаларымен "Наурыз молшылық мейрамы" шай кешін өткізді. Әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдары туралы айтып берді. Балалар өз отбасыларында көктемнің осы молшылық мерекесін қалай атап өтетінін айтты. Өздерінің қандай тағамдарды жақсы көретіндерін айтып берді. |