19 наурызда «Жаңару күні» Тоғызақ АМҮ фойесінде «Наурыз – шуақ және бейбітшілік мерекесі» дөңгелек үстелінде кездесу өтті.
Іс-шара кітапханашы Т.И. Престельдің құттықтау сөзімен басталды, содан кейін ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Л.П. Буркунова С.Кабулованың «Весна, наурыз и любовь» өлеңін оқыды.
Тоғызақ ауылдық округінің әкімі И.Г. Проскурникова Наурыз мерекесінің жаңа идеологиясы, мемлекет пен қоғамның жаңаруы туралы айтып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар басты тақырып - Қазақстанның қазіргі тарихындағы жаңа саяси дәуірдің басталуы, өткенді қайта қарау және болашаққа жоспар құру мәселелерін талқылады.
Іс-шара барысында әңгімеге қатысушылар жаңа тұжырымдамаға – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға қолдау білдірді. Қазақстанда Наурыз мейрамында әр күн жаңа өмірге қадам басқандай ауқымды болады. |