 
«Наурыз құтты болсын!» атты мереке Михайлов ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларымен өткізілді. Ұлттық әндерді тыңдап кітапханашы Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы қызықты әңгіме жүргізді. Қыдыр ата (Перевышин А.) бата беріп, барлық жиналғандарға мықты денсаулық, байлық пен береке тіледі.
«Көкпар» ұлттық ойынға қатысқандар арасында «нағыз жігіт» таңдалды - Антропов Стёпа, сұрақтарға бәрінен де көп дұрыс жауап берген. «Қыз қуу» ұлттық ойында Цыганов Артём жеңімпаз атанды, ол қызды атта қуып жетті. Наурыз мерекесінде қалай бисіз болады? Балалар «Қара жорға» биін жақсы орындауға жарыс ұйымдастырды. Ойындар мен жарыстарға белсенді қатысқан барлық балалар медальдар мен сыйлықтарға ие болды.
|