Главная » 2025 » Июль » 11 » «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев»
16:04
«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев»

  Апталық барысында Қарабалық аудандық орталық кітапханасында оқырмандар үшін көрнекті композитор,  дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевке арналған «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты көрме ұйымдастырылып, өткізілді.

       Көрмеге Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылық жолын баяндайтын кітаптар, мақалалар, жазбалар, фотосуреттер қойылды. Келушілер композитордың қазақ аспаптық музыкасының дамуына қосқан үлесі, «Отырар сазы» оркестрінің құрылуы, «Өз елім», «Аққу» сияқты аты аңызға айналған шығармаларының маңызы туралы мағлұмат алды.

      Әңгіме барысында кітапханашылар оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянының жарқын беттері, туған мәдениетіне, ұлттық салт-дәстүрі мен ән-күйіне деген сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі. Көрме композитор шығармашылығын тереңірек сезінуге мүмкіндік беретін оның әйгілі туындыларының аудио жазбаларымен сүйемелденді.

    Іс-шара барлық жастағы оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырып, Қазақстанның музыкалық мұрасын сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын еске салды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 40 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3025]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0