
Приреченка ауылдық кітапханасында балаларға арналған «Невада-Семей» кітапханалық сабағы өткізілді.
Кітапханашы Семей полигонының пайда болу тарихы, экологиялық проблема, мыңдаған адамның өмірін қиған, зардабын шеккен тағдырлар, кейінгі мутациялар және басқа да көптеген салдарлары туралы айтып берді. ХХ ғасырдың 40-80-ші жылдарында болған оқиғаның ХХІ ғасырға жаңғырығы жетті.
Сондай-ақ, негізгі мақсаты ядролық полигондарды жабу болған «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысы туралы және қозғалысты ақын Олжас Сүлейменов басқарғанын және 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық шығарғанын айтты. Бұл ядролық соғыс қаупінен арылған әлемге алғашқы қадам болды. Ақпараттық стендте балаларға Атом энергиясы, жүргізіліп жатқан сынақтар, зардаптар туралы ақпарат ұсынылды.
Іс-шараға «Олжас Сүлейменов: ақын және азамат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оның өмірбаяны ұсынылды, ақынның шығармашылығы, қоғамдық-саяси және дипломатиялық қызметі үшін алған марапаттары туралы ақпарат орналастырылды. |