
Барлық уақытта әйел мейірімділіктің, нәзіктік пен түсіністіктің символы болды. Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен жан, отбасының ұйытқысы саналады.
Святославка ауылдық кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне «О, сколько же открытий чудных, нам имя женское сулит…» атты танымдық әңгіме дайындалды. Кітапханашы Қазақстан тарихына, мәдениетіне, әдебиеті мен ғылымына өз үлестерін қосқан ханымдардың, басқа да қыздардың есімдерінің маңыздылығы туралы айтып берді. КСРО Халық әртісі Роза Рымбаева, КСРО-ның тұңғыш қазақ халық әртісі Күләш Бәйсейітова, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова, жалғыз қазақ ұшқышы Хиуаз Доспанова, әнші, Кеңес Одағы мен Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Азиядағы «желаяқ» Ольга Шишигина және т. б. туралы әңгімелер айтылды.
Іс-шарада өлең оқылды. Іс-шараға «Көктем. Қыздар. Позитив» фотокөрмесі, «Танымал қазақ әйелдері» кітап көрмесі рәсімделді. |