Есенкөл орта мектебінде ауылдық кітапхананаң кітапханашысы В.Н. Колесник мектеп кітапханашысымен бірге «Тірі кітап» буккроссингін ұйымдастырды. Балалар буккроссингтің, «оқысан - басқа біреуге бер»принципіне негізделген қарапайым әрекеттен тұратынын білді. Басқалармен бөлісе алатын кітаптарды - кітапханаға әкеле аласыз, осында ол жаңа оқырмандарды іздеуде қызықты саяхатын бастайды. Кітаптар сөрелерде тұрмай, оқылуы керек! Бұл өзіңіздің кітабыңызды қабылдырып (қалауыңыз бойынша), өзіңізге кітап ала алатын орын. Буккроссинг үнемі танымал болды. Балалар кітаптарға қарап, өздерінікін қалдырып, кітап алмасып, өздері үшін қызықты нәрсе алды. Бұл күндер көптеген адамдар үшін ерекше болды, өйткені бұл күндері олар жаңа кітаптармен үйге қайтты, олар кейбіреулеріне жақсы дос болады.
|