Главная » 2024 » Май » 6 » «Он был первым на рейхстаге»
12:53
«Он был первым на рейхстаге»

Ұлы Отан соғысы туралы балалардың білімін кеңейту, жерлестеріне деген мақтаныш сезімін дамыту мақсатында Святославка ауылдық кітапханасының кітапханашысы 7-9 сынып оқушыларына Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған «Он был первым на рейхстаге» тақырыбында тарих сабағын өткізді.

Алдымен кітапханашы Халық қаһарманының өмірбаяны, сондай-ақ қызықты фактілер мен оқиғалар туралы айтты. Рақымжан Қошқарбаев -офицер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, соғыстан кейін елордалық «Алма-Ата» қонақ үйінің басқарушысы болып жұмыс істеді, екі кітап жазды. Ол соғысқа 18 жасында, 42 жылдың күзінде, Фрунзе (Бішкек) қаласына эвакуацияланған Тамбов әскери училищесін бітірді. 1945 жылғы 30 сәуір – бұл  тарихи күн ғана емес, сонымен бірге Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғасы болып саналады. Осы күні 79 жыл бұрын қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев әскери қызметтесі Григорий Булатовпен бірге      Рейхстагқа жеңіс туын орнатқан болатын. Соғыстың ресми аяқталуына 10 күн қалғанда. Балалар Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі туралы ұзақ уақыт айтылмағанын, әділдікке қол жеткізуге тура келгенін білді. Нәтижесінде Рақымжан Қошқарбаевқа (қайтыс болғаннан кейін) «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің ерліктерін ұмытпау, жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу – қасиетті парыз.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 52 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2811]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0