21 наурыз күні Боскөл ауылында "Қош келдің, Наурыз" мерекесі өтті. Мерекені ұйымдастыруға мектеп, "Олжа Агро" ЖШС, шекара заставасы, әкімдік, кітапхана қатысты. Осы ұйымдардың барлығы қазылар алқасына ұлттық костюмдер, көркем өнер, қазақтардың, орыстардың, өзбектердің ұлттық тағамдарын ұсынды. Түрлі конкурстар (ән, би), спорттық жарыстар (салмақ көтеру, арқан тарту), балалармен ойындар өткізілді. Мерекеге келгендердің барлығына ыстық шай мен түрлі тағамдар ұсынылды. |