2016 жылғы 21 сәуірде Қостанай облысының 80 жылдығына орай Смирнов ауылдық кітапханасының кітапханашысы мектеп кітапханашысымен бірлесіп «Қостанай облысының ақындары» әдеби қонақжайды ұйымдастырып өткізді. Өз Отанын, туған жерін сүйіп, сағыныш сезімдерін білдіріп жазушылар, ақындар көп өлең жолдарын арнайды. Қостанай жазира даласын жырлаған осы лайықты есімдердің арасында ақындар Сырбай Мауленов пен Мариям Хакимжанова бәрімізге танымал. Жүргізушілер қатысушыларды ақындардың өмір жолымен және шығармашылығымен таныстырды, ал жетінші сынып оқушылары қазақ және орыс тілінде өлеңдер оқыды. Кездесу қонақжай, мейірімді, жылы ортада өтті. Іс-шара соңында балалар Сырбай Мауленовтың «Зарница» өлеңдер жинағымен танысты. Іс-шараға 17 адам қатысты.
|