
Қарабалық аудандық балалар кітапханасында Алғыс айту күні қарсаңында «Островок дружбы, тепла и любви» атты мереке өтті. Іс-шараның қонақтары біздің тұрақты оқырмандарымыз – Горький атындағы мектептің 3 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ сол күні кітапханаға келген басқа да балалар болды.
3-сынып оқушылары үшін ақпараттық сағат өткізілді, онда балалар Алғыс айту күні мерекесінің тарихымен танысты. Еліміздің бай мұралары және қазақ халқының ерекше қонақжайлылығы туралы әңгімелесті. Балалар «сиқырлы» сөздердің мағынасын ашып белсенді талқылады. Барлығы «Алғыс айту» ұранымен кішкентай жүрек түріндегі қағаздарға туыстарына, достарына және мұғалімдеріне алғыс сөздерін жазды. Әсіресе балалар Валентина Басованың «Оплачено стаканом молока» өлеңі оқылғаннан кейін, әсерленіп, жақсылық әрқашан жақсылықпен қайтады деген қорытынды жасады.
Күні бойы кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кітап көрмесінің алдында ақпараттық минуттары, экспресс-әңгімелері өткізілді.
Бұл күні кітапханаға барлық келушілерге арналып дастархан жайылды. Кез-келген адам бауырсақ, құймақ, дәмді тәттілер мен жемістерден дәм тата алды, достық құметпен бір-бірлеріне ризашылық білдіріп, алғыстарын айтты! #ДетскаяБиблиотекаКарабалык |