18 мамырда Қарабалық аудандық орталық кітапханасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай "Отан қорғау мамандығы" атты патриоттық сағат өткізді. Аталған іс-шараға А.Құнанбаев атындағы № 2 мектеп оқушылары қатысты. Балалар белсенді болды, нағыз жігіт қандай болуы керек екендігі туралы білді, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар кітапханашылар 4 кезеңнен тұратын: "Ширату", "Полиглот", "Аспазшы сайысы", "Отаным менің – Қазақстан" атты ауқымды зияткерлік ойын өткізді. Балалар жарысқа қуана-қуана қатысты, барлығы бір-біріне қолдау көрсетті. Соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды. |