
Аудандық балалар кітапханасының «Отан. Соғыс. Жеңіс» жобасы аясында, 2025 жылдың 30 қаңтарында Горький атындағы ЖББМ 6-сынып оқушылары үшін «Отан. Соғыс. Жеңіс» атты өлкетану сабақ-хроникасы өтті.
Кездесуде балалар кітапханасының кітапханашысы Притуленко Ю. соғыс жылдарындағы облысымыз, ауданымыздың қосқан үлесі, көмегі, қиын уақыттары жайлы әңгімеледі. Балалар жергілікті тұрғындардың ерліктері, тылдағы жанқиярлық еңбегі, сондай-ақ соғыс жылдарындағы қиын өмір жайлы ақпараттар білді. Біздің облыс аумағында «Комсомолец» атымен аталған Егорьевск машина жасау зауытының пайда болу тарихына ерекше назар аударылды. Іс-шара қатысушылары зауыттың соғыс басында Мәскеу облысы жанынан неліктен шұғыл көшірілгенін, ортақ соғысқөа қандай өнім шығарғанын және оны кімдер жасағанын білді. Сондай-ақ, балаларды өңірімізде жұмыс істеген өнеркәсіптік зауыт пен аурухана туралы білді. Әсіресе, біздің облыстың майданға ғана емес, басқыншылардан азат етілгендерге, атап айтқанда Орлов облысының Людиновск ауданына көмектескенін естігенде таң қалды. Білім алушылар кітапханашының әңгімесін зор ықыласпен және қызығушылықпен тыңдап, бейне және фотосуреттерді тамашалады. Қорытындылай отырып, балалар кітапханамызда бар соғыс, Отан туралы кітаптармен танысып, шолу жасады. |