Қарабалық ауданының 95 жылдығына орай Михайловка ауылдық кітапханасының кітапханашысы мектеп кітапханасының кітапханашысымен бірлесіп, 7-сынып оқушыларымен өлкетану сабағын өткізді.
Сабаққа эпиграфы: "Өз өлкеңнің тарихын білмей, әлемді танып білмейсің!». Сабақта олар екі мемлекет – Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарада орналасқан туған өлкеміз Қарабалық ауданының тарихын еске түсірді. Табиғаты, ескерткіштері, тарихи және мәдени орталықтары, аудан аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар, сонымен қатар, ауданның мақтанышы мен даңқы болып табылатын адамдар туралы әңгіме айтылды.
Іс-шарада өз шығармаларында кіші Отанының сұлулығын дәріптеген жергілікті ақындардың өлеңдері шырқалды.
"Біздің өлкедей жерді жақсы көрмеу мүмкін емес. Біздің Отанымыздың тағдыры сияқты тағдырды мақтан тұтпасқа болмайды, ал Қарабалық есімді жерге таңданбасқа болмайды!" (П. М. Черныш. Біздің туған өлкеміз Қарабалық)
Оқушылар іс-шарадан кейін туған өлкеміздің мәдениеті мен тарихы туралы білімдерін кеңейтуге ниет білдірді.
|