23 наурызда Қарабалық аудандық орталық кітапханасында қазақ халқының салты мен дәстүрлеріне байланысты "Отбасы – салт-дәстүр ошағы" атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы қонақтарды ұлттық киіммен қарсы алды, қатысушыларға қазақ халқының тарихи өткені, Қазақстанның көрікті жерлері, қазақтардың күнделікті өмірі, салт-дәстүрлері, қазақ халқының басты мерекесі - Наурыз екенін айтты. Бұл Көктем мен Күннің мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу күні және жаңа ауылшаруашылық жылының басталуы. Іс-шара соңында қонақтарға ыстық, дәмді бауырсақтардың дәмін татуға ұсынылды. |