Қарабалық орталық аудандық кітапханасының оқу залында 28 сәуір күні Қостанай облысының әкімінің жанындағы Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметінің ақпараттық - ағартушылық штабының мүшесі Н.Е. Әбдібековпен аудандық кітапхананың қызметкерлерімен кездесу өтті. Нұрбек Елікбайұлы біздің ауданға келу мақсатын, штабтың қызметі туралы, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенстваның идеялары мен жобаларын насихаттау туралы айтты. Біздің еліміздің азаматтарының бүгінгі парасаттылық құндылықтары туралы айтты, сонымен қатар, «Парасат жолы» аудармасы «Жақсы жол» деген мағынаны, яғни бәріміз жүріп өтетін жолымызды білдіреді. Сөз соңында Ұлы Абайдың «Адам бол» деген сөзін мысалға келтірді.