Главная » 2024 » Май » 30 » «Печальный памятник эпохи»
12:04
«Печальный памятник эпохи»

31 мамырда Қазақстанда ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандары еске алынады. Қазақстан үшін бұл күн ерекше мағынаға ие. Бұл күні сталиндік қуғын-сүргін, аштық және депортация жылдарында жазықсыз қаза тапқан адамдар еске алынады. Тарихшылар қазақ халқының шамамен 2 млн. өкілі 1931-1932 жылдардағы жаппай ашаршылықтың құрбаны болғанын, сонша адам ата-баба жерінен кетуге мәжбүр болғанын атап өтті.

Святославка ауылдық кітапханасы 6-9 сынып оқушыларына саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Печальный памятник эпохи» тарихи еске алу сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлтымыздың батырларын еске алу болды. Іс-шара барысында кітапханашы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған жазушылар мен ақындар, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандары, «Гулаг», «Карлаг», «Степлаг», «Алжир» лагерлері және Алаш қозғалысы туралы әңгімеледі. «В лихую годину репрессий» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара «Суровая драма народа» презентациясымен сүйемелденді, сондай-ақ «Репрессий страшные страницы» буклеті дайындалды. Біз өткенді ұмытпай, толерантты және біртұтас ел болуымыз керек.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 49 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2811]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0