Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен «Подвиг никогда не забывается...» патриоттық сағаты өтті.
Іс-шара барысында Кеңес Одағының батырлары мен жерлестеріміздің өлмес ерліктері айтылды. Сондай-ақ, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың суреттері мен оқулықтары ұсынылды. Іс-шара музыкалық шығармалармен және соғыс туралы өлеңдермен сүйемелденді.
Бұл мереке жанқиярлық ерлік және батырлық рух күні ретінде мәңгі есте қалады. Біздің ата-бабаларымыздың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, біздің есімізде мәңгі қалады. |