Қасым Аманжоловтың поэзиясын дәріптеу мақсатында балалар кітапханасының кітапханашысы Демес Мәдина Сайранбекқызы М.Сералин атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларына «Мен – табиғат бөбегі» поэзия сабағын өткізді. Балалардың назарына ұсынылған өлеңдер жинағы Қ.Аманжоловтың шығармашылық өмірінің қысқа кезеңін көрсетеді. Өлеңдердің мағынасына қарай ақынның ерекше қызығушылықтары, оның талантының өзіндік ерекшелігі туралы пікір айтуға болады.
Оқушылар «Өзім туралы», «Өркендей бер Отаным», «Жайық», «Тұтқын», «Орал» өлеңдерін мәнерлеп оқып, өлеңдер туралы айтып, талдап, өз пікірлерін білдірді... |