Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасы аясында 19 мамырда Қарабалық орталық аудандық кітапханасында поэзия кеші өтті. Іс-шараға тамаша ақындар, "Қаламгер" клубының мүшелері Сахно Нина Григорьевна және Кулик Евгения Еркиновна шақырылды. Ақындар өздерінің өмірбаяны, шығармашылығы, өлеңдерінің жазылуы туралы айтып берді. Іс-шараға қатысушылар қызықты және талантты адамдармен сөйлесуге, олар туралы жаңа нәрсе білуге, өлеңдері арқылы олардың ішкі әлеміне енуге ерекше мүмкіндік алды.
Өлеңдеріңізде сіздер бізді кішкентай отанымызбен мақтануға үйретесіздер. Бізді өз шығармашылықтарыңызбен қуанта беріңіздер! |