
Михайловка ауылдық кітапханасында интернационалист жауынгерлерді еске алу күніне арналған «Пока мы помним- мы живем» атты еске алу сағаты өтті. Дәл осы күн Ауғанстан соғысына қатысқандар үшін ғана емес, жақын және алыс шетелдердегі әскери қақтығыстарды шешуге қатысқан барлық интернационалист жауынгерлер үшін де еске алу күніне айналды.
Осы іс-шарада кітапханашы Ауған соғысы туралы шығармалардан үзінділер оқыды, балалар «Афганистан. Последний солдат» және «Кандагар» фильмінен үзінділер көрді. Бүгін біз Ауғанстан жауынгерлеріне құрмет көрсететін күн.
Біз ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың алдында бас иеміз. Бұл күн біз үшін Ұлы Отан соғысынан кейін дүниеге келген ұрпақтың батылдығының, ұлылығы мен рухының символы. |