Главная » 2025 » Июнь » 13 » «Поздравим папу рисунком!»
18:18
«Поздравим папу рисунком!»

Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әкелер күніне орай балаларға арналған шығармашылық іс-шара өткізді. Өз әкелеріне деген сүйіспеншіліктерін, құрмет пен алғыстарын білдіру мақсатында балалар «Әкемді суретпен құттықтаймын!» акциясына қатысты.

Кітапхананың ауласында балалар асфальтқа түрлі-түсті бояулармен әдемі суреттер салды. Әкелерінің, жүректер мен гүлдердің суреттерін салып,  құттықтаулар жазды. Әрбір бала өз әкесіне деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысты.

Іс-шара барысында кітапханашы балаларға мерекенің тарихы, отбасында және бала тәрбиесіндегі  әкенің рөлі туралы айтып берді. Балалар өз әкелері туралы  оқиғаларымен бөліскен шағын әңгіме өтті.

Асфальтқа салынған суреттер мерекенің нағыз көркі және сүйікті әкелері үшін жақсы сыйлық болды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 39 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3007]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0