5 қыркүйекте Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» Жолдауы бойынша ақпараттық сағат өткізді. Іс-шараға мәдениет қызметкерлері қатысты.
Кітапханашы Жолдаудың негізгі бөлімдерінің мазмұнын айтып берді. Қатысушылар Президент Жолдауының негізгі тұстарына қолдау білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті. |