Главная » 2025 » Июнь » 12 » «Путешествие по сакральным местам Костанайской области»
12:56
«Путешествие по сакральным местам Костанайской области»

Смирнов ауылдық кітапханасында «Путешествие по сакральным местам Костанайской области» атты өлкетану сағаты өтті. Іс-шараға туған өлкесінің тарихы мен рухани мұрасына қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара Қостанай облысының мәдени, рухани және тарихи құндылығы бар қасиетті нысандарымен танысуға бағытталған. Кітапханашы қасиетті орындардың ұлттық картасына енгізілген аса маңызды ескерткіштер, табиғи және тарихи нысандар туралы айтып берді.

Шақшақ Жәнібек, Барақ Жанұзақұлы, Кейкі батыр кесенесі, М.Сералин мен Құдайсүгір би жерленген жерлер туралы қызықты деректер айтылды. Сондай-ақ табиғи ғибадатханалар - жергілікті тұрғындар бұрыннан ерекше құрметпен қарайтын қасиетті бұлақтар мен шатқалдар туралы айтты. Көрнекі түрде осы жерлердің суреттері көрсетілді. Кездесу барысында қатысушылар жеке естеліктерімен, аңыздармен және дәстүрлермен бөлісті.

Өлкетану сағатының соңында ауыл тұрғындары осындай іс-шаралардың ұрпақтар мен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтіп, қызықты және танымдық кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 29 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3019]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0