Главная » 2025 » Июнь » 2 » «Әрқашан күн сөнбесін»
17:59
«Әрқашан күн сөнбесін»

 Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Святославская ауылдық кітапханасының кітапханашысы ауылдық мәдениет үйі және орта мектеп ұжымымен бірлесе отырып, «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік шара өткізді. Кітапханашы бүлдіршіндерді құттықтап, мерекенің шығу тарихын айтып, бала құқықтарын еске салды.

«Достарсыз өмір сүру мүмкін емес» атты  әдеби викторина өткізілді.

Балалар табиғат аясына шығып, қызықты ойындар ойнап, жұмбақтарды тауып, сайыстарға қатысып, тәтті тағамдардан дәм татты. Достармен таза ауада өткен қызықты күн көптеген жағымды әсер қалдырды.

Балаларды қорғау күні тек мереке ғана емес, сонымен бірге әрбір адам бақытты болып өсіп, лайықты тұлға болып қалыптасуы үшін бала құқығын қорғаудың маңыздылығын еске салады.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 48 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3006]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0