Главная » 2024 » Сентябрь » 5 » «Родной земле многоголосье»
15:55
«Родной земле многоголосье»

           Қазақстан халықтарының Тілдер күні 5 қыркүйекте – қазақ  ағартушысы және ғалымы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні атап өтіледі. Святославка ауылдық кітапханасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Родной земле многоголосье» атты тақырыптық сағат өтті. Кітапханашы мерекенің тарихы, елімізде өз тілін, мәдениетін зерттейтін және әртүрлі халықтардың мәдениетімен танысатын этномәдени орталықтар жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Содан кейін балалар тамаша әдебиетші, педагог және лингвист – Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысып, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануын дамытуға, сондай-ақ қазақ жазуында қандай маңызды рөл атқарғаны туралы білді. Іс-шара барысында қазақ және орыс тілдерінде Отан туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтылды. Балалар «Ұлттар көп, Отан бір» викторинасына белсенді қатысты. Мұнда қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білімдерін көрсетті. Іс-шара Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған көрменің презентациясымен  аяқталды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 33 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2022 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [2804]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0