
21 ақпанда бүкіл әлем Халықаралық ана тілі күнін тойлайды.
Ана тіліне деген қызығушылықты арттыру мақсатында Есенкөл ауылдық кітапханасына В.Х.Куликова 3-сынып оқушыларына арнап «Родной, живой, неповторимый» ойынын өткізді.
Ойынның басында кітапханашы іріктеу кезеңін өткізіп, сұрақтарға жауап берген балалар ойынға қатысушы болды. Стендте тақырыптар мен сұрақтар жазылған плакат ілінді. Сұрақ неғұрлым қиын болса, соғұрлым ұпай көп болады. Тақырыптары: «Полиглот», «Бәйге», «Мақал-мәтелдер», «Дұрыс оқы», «Аудармашы». Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, сөздерді қазақ және орыс тілдеріне аударып, дұрыс оқулары керек болды. Үздік жауап беріп, көп ұпай жинаған Арина Молчанова, екінші орынды София Шутова, үшінші орынды Арсений Климко иеленді. |