Тоғызақ ауылдық кітапханасында "Қолөнер және жиын" үйірмесінің қатысушыларына арналған " Рождестволық гүлдестесі" шеберлік сағаты өтті. Аулада қар, алдағы оқиғалардың жаңа жылдық көңіл-күйі және қуанышы бар. Қоршаған ортасын мерекелік көңілмен толтыру үшін әркім өзіне жаңа жылдық заттар алуға тырысады, олардың бірі -рождестволық гүлдестесі.
Мұндай сұлулықты жасау қиын емес. Ең бастысы, ол ұқыпты жасалып, көз тартарлық әдемі болса болғаны. Қолөнершілер өздерінің Рождестволық гүлдестесіне әр түрлі ұсақ-түйектерді қолдана бастады: картон, шишкалар, киіз, шырша бұтақтары және жаңа жылдық ойыншықтар.
Осылайша, шығармашылық үйірмеге қатысушылар үшін әдеттегі күн қарым-қатынастың, шығармашылықтың және жақсы көңіл-күйдің шағын мерекесіне айналды. Гүлдестесін безендіре отырып, қыздар өздерінің барлық қиялдарын көрсетті және олар әдемі Рождестволық гүлдестесін жасап шықты. |