Главная » 2025 » Март » 27 » «Руками ребёнка» үйірме сабағы
13:25
«Руками ребёнка» үйірме сабағы

Надеждинка ауылдық кітапханасында «Крошечка-Хаврошечка» орыс халық ертегісіне арналған «Руками ребёнка» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Бұл күні жас оқырмандар қызықты оқиғамен танысып қана қоймай, өз қолдарымен ертегінің басты көмекшісі – сиырды жасады.

Сабақ басында кітапханашы балаларға ертегінің сюжеті, оның кейіпкерлері және мейірімділіктің, еңбекқорлықтың және ғажайыпқа деген сенімнің маңыздылығы туралы айтып берді. Содан кейін балалар кейіпкерлердің мінез-құлқын қызығушылықпен талқылап, өз әсерлерімен бөлісті.

Әңгімелесуден кейін сабақтың шығармашылық бөлігі басталды. Кітапханашының жетекшілігімен балалар қағаздан, картоннан және түрлі-түсті материалдардан сиыр мүсіндерін бар ынталарымен, қиялдары  мен күш-жігерлерімен жасады. Кейбір баланың сиыры көңілді және ойнақы болып шықса, ал енді біреулерінікі ертегідегідей мейірімді және қамқор кейіпте болды.

Іс-шара балалардың қолөнерінің шағын көрмесіне шолу жасаумен және әр баланың өзінің қол өнерін таныстыруымен, ертегінің есте қалған сәті туралы айтып беруімен аяқталды.

Категория: Іс-шаралар/Мероприятия | Просмотров: 53 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
"Ашық үкімет"
«#ОқыЖәнеЖең»
"Парасат жолы"
Әлеуметтік желідез
Instagram
Акция
Қасиетті жер
Альманах жобасы
2025 Приоритеттері
Бөлемнің санаттары
Іс-шаралар/Мероприятия [3019]
Вход на сайт
Ісдеу
Жазбалар мұрағаты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0